Нұр-Сұлтанда 18 көлік соқтығысты


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығынан елордада жол-көлік оқиғаларының саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Об этом сообщает Роспрес

«Бүгін таңертең жол-көлік оқиғаларының саны артты. Қосшы тас жолында 18 көлік соқтығысқан 4 апат және «Метро» мен «Кеңмарт» гипермаркеттерінің арасында 8 көлік зақымдалған 3 оқиға болды. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Бүгін 27 ақпанда сағат 10:04-те Қарағанды тас жолында «Кеңмарт» сауда үйі маңында 1956 жылы туған «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі жол үстінде жүк көлігін тоқтатпақ болған 1969 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жазатайым оқиға салдарынан зардап шегуші оқиға орнында көз жұмды. Анықтама жүргізіліп жатыр», — делінген ресми хабарламада.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімі барлық көлік жүргізушілеріне жолдарда, әсіресе балалар оқу орындарының жанында, қоғамдық көлік аялдамаларында, жаяу жүргіншілер өткелдерінде абай болуды, жылдамдықты шектеп, жол ережесінің басқа да талаптарын сақтауды ескертеді.

«Ауа-райының қолайсыздығына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті күшейтілген режімде жұмыс істеуде. Департаменттің жеке құрамы халыққа көмек көрсету үшін толығымен жұмылдырылды. Барлық бағыт бойынша жол жабылды, көлік қозғалысы үшін жекелеген жол учаскелері жабық», — дейді ПД баспасөз қызеті.

Департаменттің хабарлауынша, өткен тәулікте елордада 74 жол-көлік оқиғасы болған.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/nur-sultanda-18-kolik-soktygysty_a3619231”

Теги