ПРЕЗИДЕНТТІККЕ үміткерлер үшін ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы пре­зи­дент­те­гіне кан­ди­дат­тарға «Дара Инфо» ЖШС-ңың рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық-сая­си «Обще­ствен­ная пози­ция» («ДАТ») газетін­де басы­лым бет­терін ұсы­ну­дың жал­пы шар­тта­ры

Об этом сообщает Русский репортер

«Дара-Инфо» ЖШС-ның «Обще­ствен­ная пози­ция» газеті(бұдан әрі – газет) Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 1995 жыл­дың 28 қыр­күй­е­гін­де қабыл­данған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның сай­лау тура­лы» Кон­сти­ту­ци­я­лық заңы және 2019 жыл­дың 9 сәуірін­де қабыл­данған «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­тінің кезек­тен тыс сай­ла­у­ын тағай­ын­дау тура­лы» заңы­на сәй­кес, 2019 жылғы 9 мау­сы­мын­да өтетін ҚР Пре­зи­ден­ті сай­ла­у­ы­на қаты­са­тын бар­лық үміт­кер­лер­ге сай­ла­у­ал­ды үгіт-наси­хат мате­ри­ал­да­рын (бұдан әрі –үгіт мате­ри­ал­да­ры) газет­ке орна­ла­сты­ру үшін, басы­лым бетін ұсы­ну­дың шар­тта­ры мен тәр­тібі жай­лы, төле­нетін ақы мөл­шері тура­лы Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­дент­ті­гіне кан­ди­дат­та­ры­на (бұдан әрі –кан­ди­дат) құлаққағыс ете­ді.

Сай­ла­у­ал­ды үгіт Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­дент­ті­гіне кан­ди­дат­тар­ды тір­кеу мерзі­мі аяқталған сәт­тен баста­ла­ды және сай­ла­удың алдын­дағы күні жер­гілік­ті уақыт бой­ын­ша нөл сағат­та аяқта­ла­ды. Осы­лай­ша, газет­те үгіт мате­ри­ал­дпа­рын орна­ла­сты­ру 2019 жыл­дың 11 мамы­ры күні сағат 18.00-ден кей­ін жүзе­ге асы­ры­лып, 2019 жыл­дың 8 мау­сы­мы күні 00.00-ге дей­ін жалға­са­ды.

Газет газет­тің иесі кан­ди­дат­пен неме­се оның уәкілет­ті өкілі­мен жасалған жаз­ба­ша келісім және келісім-шарт негізін­де бас­па бетін ұсы­на­ды. Газет­те бас­па кеңісті­гін ұсы­ну – дай­ын модуль­дар, мақа­ла­лар, фото­су­рет­тер және сұх­бат­тар орна­ла­сты­ру жолы­мен жүзе­ге асы­ры­ла­ды.

Өтініш кан­ди­дат­тар өтіні­шін тір­кеу кітап­ша­сы­на тір­ке­леді, өтініш ҚР пре­зи­дент­ті­гіне кан­диа­дат­тар өтіні­ш­терін тір­кеу жаур­на­лын­да ұсы­ны­лған уақыт тәр­тібі­мен, әрбір жаз­ба­ша өтіні­штің рет­тік нөмірі көр­сетіліп, өтіні­ші алы­нған күн­ді бел­гілеу арқы­лы тір­ке­леді.

Газет бетіне орын ұсы­ну тура­лы келісім үміт­кер мен газет мен­шік иесінің жаз­ба­ша келісім­шар­ты негізін­де жаса­ла­ды.

Газет неме­се газет­тің интер­нет сай­ты бетіне үгіт-наси­хат мате­ри­ал­да­рын жари­я­лау үшін, редак­ци­яға ҚР Пре­зи­дент­ті­гіне үміт­кер неме­се оның сенім­ді өкілінің жаз­ба­ша өтіні­ші түсуі шарт.

Жаз­ба­ша өтініш­ке мына­дай құжат­тар қоса берілуі тиіс:

1. Үміт­кер­дің тір­ке­луін рас­тай­тын құжат­тың көшір­месі.

2. Үміт­кер­дің сенім­ді өкілінің уәкілет­ті­гін рас­тай­тын құжат көшір­месі.

3. Өтініш беру­ші тұлға­ның жеке басын рас­тай­тын куәлік­тің көшір­месі.

4. Шарт жасау үшін, тұлға­ның уәкілет­ті­гін рас­тай­тын құжат­тар.

Жаз­ба­ша өтіні­ш­те үміт­кер неме­се оның сенім­ді өкілінің үгіт-наси­хат мате­ри­ал­да­рын газет неме­се сай­тқа жари­я­ла­у­ға келісі­мі мен қол қой­ы­лған мерзім көр­сетілуі керек.

Егер жаз­ба­ша өтініш келіп түс­кен сәт­те газет беті­нен сұралған көлем ерте­рек өтініш бер­ген басқа кан­ди­датқа беріліп қой­са неме­се тех­ни­ка­лық мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты кеңістік­ті ұсы­ну мүм­кін бол­ма­са, онда Газет кан­ди­датқа үгіт мате­ри­ал­да­рын орна­ла­сты­ра­тын басқа орын ұсы­на ала­ды.

Үгіт-наси­хат және ақпа­рат­тық бас­па мате­ри­ал­да­ры газет­ке мерзім­нен 3 (үш) күн­тіз­белік күн ішін­де берілуі тиіс: модуль үшін – TIF; мақа­ла мен сұх­бат үшін – WORD; фото­су­рет үшін – JPEG фор­ма­тын­да.

Үгіт мате­и­ал­да­рын­да қар­жы­лан­ды­ру көз­дері тура­лы ақпа­рат­ты және ақпа­рат­ты бер­ген адам­ның аты-жөні көр­сетілуі тиіс.

Газет­ке ұсы­ны­лған үгіт мате­ри­ал­да­ры ҚР заңы­ның талап­та­ры­на, оның ішін­де автор­лық және сабақ­та­стық құқы­қтар бой­ын­ша сай болуы­на кан­ди­дат тіке­лей жау­ап­ты бола­ды.

Көр­сетіл­ген ақпа­рат­тық хабар­ла­ма­дағы шарт және тәр­тіп­тің бұзы­луы жағ­дай­ын­да, сон­дай-ақ тиісті келісім­нің шар­тта­ры бұзы­лған жағ­дай­да үгіт мате­ри­ал­да­ры басы­лып шыға­рыл­май­ды неме­се ере­же бұзу­шы­лық жой­ы­лғанға дей­ін тоқта­ты­ла тұра­ды.

Егер пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер сай­лау алдын­дағы бағ­дар­ла­ма­сын­да рес­пуб­ли­ка­ның кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­сын күш­теп өзгер­ту, оның тұта­сты­ғын бұзу, мем­ле­кет қауіп­сізді­гіне нұқ­сан кел­ті­ру, әле­умет­тік, нәсіл­дік, ұлт­тық, діни, тек­тік-топ­тық және рулық араз­ды­қты қоз­ды­ру, мәнін­де­гі иедя­лар бол­са, қатыг­ездік­ке, зор­лық-зомбы­лы­ққа шақыр­са, сон­дай-ақ заң­да көр­сетіл­ме­ген әске­ри­лен­діріл­ген топ­тар­ды құруға шақыр­са, сон­дай-ақ Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­дент­ті­гіне басқа кан­ди­дат­тар­дың ар-намысы­на, қадір-қаси­етіне неме­се іскер­лік беделіне нұқ­сан кел­тіретін ақпа­рат болған жағ­дай­да газет иесі ол мате­ри­ал­дар­ды орна­ла­сты­ру­дан бас тар­туға құқы­лы. Кан­ди­дат газет иесінің тала­бы бой­ын­ша жоға­ры­да айты­лған маз­мұн­дағы ақпа­рат­тар­дың мате­ри­ал­да­ры жоқ екенін рас­тай­тын құжат­тар ұсы­нуға мін­дет­ті.

Осы ақпа­рат­тық хабар­ла­ма­да көр­сетіл­ген бас­па көле­мін ұсы­ну­дың тәр­тібі мен шар­тта­ры Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның уәкілет­ті орган­да­ры­ның талап­та­ры­на сәй­кес түзетілуі мүм­кін.

Газет­те үгіт мате­ри­ал­да­рын орна­ла­сты­ру­дың құны:

  • Газет­тің 1 – 3 бет­тері­нен басқа бет­тер­ге жур­на­ли­стік жари­я­ла­ным­мен бір­ге модуль орна­ла­сты­ру – 1 шар­шы сан­ти­метр­ге – 1 500 тең­ге;
  • Газет­тің 1‑ші бетіне кан­ди­дат­тың фото­су­ретін неме­се модулін орна­ла­сты­ру: тұтас бет­ке – 1,5 (бір жарым) мил­ли­он тең­ге; тең жар­ты­сы­на – 1 (бір) мил­ли­он тең­ге; шире­гіне – 700 (жеті жүз) мың тең­ге; ішкі бет­те­гі жари­я­ла­ны­мға сіл­те­ме (анонс) жасау – 250 (екі жүз елу) мың тең­ге.
  • Газет­тің 1 – 3 бет­теріне мате­ри­ал орна­ла­сты­ру – 1 ш/сантиметре – 2 500 тең­ге.
  • Қалған бет­тер­ге жур­на­ли­стік жари­я­ла­ным­мен бір­ге модуль неме­се фото­су­рет орна­ла­сты­ру 1 ш/сантиметрге 1500 тең­ге;
  • Газет­тің ішкі айқар­ма екі бетіне (вкла­дыш) мате­ри­ал­дар топ­та­ма­сын орна­ла­сты­ру – 1,5 (бір жарым) млн тең­ге.
  • Айқар­ма­ның сыр­тқы екі бетін қосып, «Газет ішін­де­гі газет» деген айдар­мен берілетін төрт бет­тің құны – 3,5 (үш жарым) млн тең­ге.

Газет екі тіл­де (қаза­қ­ша, орыс­ша) шыға­ды:

Шығу жиілі­гі: апт­сы­на 1 рет (бей­сен­бі күні);

Фор­ма­ты: А3 – 16 бас­па беті, 1 және 16 бет­тер екі түсті.

Бір рет­тік ресми тира­жы – 18 000 дана;

Тара­лу тер­ри­то­ри­я­сы: Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы;

Интер­нет ресурс: datnews.info

Кан­ди­дат­тың мате­ри­ал­да­рын орна­ла­сты­ру тура­лы келісім­шарт бой­ын­ша төлем­дер Газет­тің иесі бер­ген төлем шоты негізін­де төлем шотын алған күн­нен бастап, 3 (үш) жұмыс күні ішін­де төле­неді.

Газет иесі жаз­ба­ша өтіні­ш­тер­ді 2019 жыл­дың 6 мамы­ры­нан бастап, 2019 жыл­дың 3 мау­сы­мы­на дей­ін, соның ішін­де дема­лыс және мере­ке күн­дері­нен басқа күн­дері мына мекен-жай бой­ын­ша қабыл­дай­ды: Алма­ты қала­сы, Сей­фул­лин даңғы­лы, 288 үй, 307-офис.

Тел: 8 (727)- 382−72−30, 8−701−358−35−24.

Қабыл­дау уақы­ты: 10.00−18.00 сағ. ара­лы­ғын­да.

Фак­си­миль­ді және интер­нет бай­ла­ныс арқы­лы жіберіл­ген жаз­ба­ша өтіні­ш­тер қабыл­дан­бай­ды.

«Дара-Инфо» ЖШС



Источник: “https://datnews.info/президенттікке-үміткерлер-үшін-құла/”

Сайт продается

Цена: 900$

Обращатся : [email protected]